Құрылтай
» » БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қармақшы ауданында балаларды профилактикалық иммундау және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды

Қармақшы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың меңгерушілері мен медицина қызметкерлеріне арналған «Балаларды профилактикалық иммундауды ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында маңызды жиын өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту.

Іс-шараға Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Идирисова Алия Нұрмағанбетқызы және аудандық аурухананың бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары Сарыбаева Фарида Ергешқызы қатысып, балаларды иммундаудың маңыздылығы, егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық егулердің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында вакцинация арқылы көптеген жұқпалы аурулардың алдын алуға болатыны, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығы, сондай-ақ балабақшадағы санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта балалардың денсаулығын қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейту жөнінде пікір алмасты.

Балалардың денсаулығы – қоғамның басты байлығы. Сондықтан профилактикалық иммундау – әрбір баланың жарқын әрі қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам.

06 тамыз 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31