Құрылтай
» » «АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ІЗІМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«АКАДЕМИК ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ІЗІМЕН» ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін «Руханият» орталығында аудан әкімінің тапсырмасымен қазақтың тұңғыш академигі, көрнекті ғалым, Қаныш Сәтбаевтың Қарсақбай мыс кенішіндегі еңбек жолының басталғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Академик Қаныш Сәтбаев ізімен» тарихи-танымдық кездесу өткізілді.

Экспедиция мүшелері ең алдымен орталықтағы музеймен, ондағы құнды жәдігерлермен танысып, өздерінің оң бағасын берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп:

– Жосалы мен Қарсақбайдың арақашықтығы шамамен 430–450 шақырымды құраған. Осы жол бойында орналасқан 18 бекет жүк керуендері мен жолаушылардың тынығуына, су және азық-түлік қорын толықтыруына, көлік пен түйелерді ауыстыруына қызмет еткен. Көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Мәскеуден келген сапарларында Жосалы арқылы өтіп, Қарсақбай мен Жезқазған өңірінің кен байлығын зерттеу жұмыстарына қатысқан. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – осы тарихи жолдың маңызын дәріптеу. Сондықтан бұл іс-шара өскелең ұрпаққа тағылым беретін өте маңызды да сауапты бастама, – деді.

Жосалы стансасы Қарсақбай мыс қорыту зауытына ең жақын теміржол торабы ретінде өндіріс үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жүктерді жеткізетін негізгі логистикалық орталық қызметін атқарған. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми ізденістері Жезқазған мыс кен орнының әлемдегі аса ірі кен орындарының бірі екенін дәлелдеуге негіз болды. Табанды еңбегінің нәтижесінде Қазақстандағы тау-кен өндірісінің жаңа кезеңі басталды. Сондықтан Қарсақбай өңірі қазақ ғылымының тарихында ерекше орын алады.

Кездесуде Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің бірінші хатшысы Кэти Коттрелл, Қазақстанның Құрметті металлургі, Қарағанды облысы және Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, экспедиция жетекшісі Төлеген Бүкіров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі Дулатбек Әбіш, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, Сәтбаев қаласының мәслихат депутаты Абулаис Молақов сөз сөйлеп, академиктің ғылыми мұрасын насихаттау бағытындағы пікірлерін білдірді.

Тағылымды кездесуде ұлттық тарихты дәріптеуге қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Айта кетсек Жосалы–Қарсақбай тарихи жолының маңызын дәріптеп, Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында арнайы келген
меймандар Сыр еліне келген сапары аясында алдымен түркі дүниесінің киелі мекені – Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, баба рухына тағзым етті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 тамыз 2026 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 060

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31