» » Қызылорда облысы полиция департаменті "Жылдам қимылдайтын" арнайы жасағының қызметкерлері «Алтын белбеу» турнирінде топ жарды

Қызылорда облысы полиция департаменті "Жылдам қимылдайтын" арнайы жасағының қызметкерлері «Алтын белбеу» турнирінде топ жарды


Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде қазақ күресінен дәстүрлі XVII облыстық «Алтын белбеу» турнирі өз мәресіне жетті.
Ұлттық спорттың мәртебесін арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарысқа облыстың барлық аудандары мен Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан 250-ден астам балуан қатысты.

Кіші жасөспірімдерден бастап ересектерге дейінгі төрт жас санаты бойынша өткен додада Қызылорда облысы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Чемпиондар:

* 66 кг – Алмат Тайбағаров;
* 74 кг – Дінмұхамед Алтай;
* 82 кг – Дамир Абдеков;
* 90 кг – Ержан Абуллаев;
* 100 кг – Арнұр Кожабек.

Сонымен қатар, «Түйе палуан» атағы үшін өткен белдесулерде полиция қызметкері Еңбек Сақтағанов жүлделі III орынды иеленді.
Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.

31 шілде 2026 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930