» » КӨНЕ ЕСІМДЕР СЫРЫ

КӨНЕ ЕСІМДЕР СЫРЫ

Сейсенбі күні «Руханият орталығында» Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ономастика басқармасымен бірлескен «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы аясында «Сыр даласында – көне есімдердің сыры» атты тарихитанымдық ғылыми экспидициясы ауданымызға арнайы іссапармен келді.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының ономастикалық кеңістігін тарихи-диахрондық әдіс негізінде кешенді зерттеу арқылы ғылыми тұрғыдан жүйелеу, тарихи жер-су атауларын толыққанды ғылыми айналымға енгізу және ономастикалық қызметті заманауи цифрлық инфрақұрылым негізінде жетілдіру.
Ғылыми-зерттеу тобының жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Бекенова және топ мүшелері, география ғылымдарының PhD докторы Нұрлыбек Зинабдин, Дильназ Касимова және облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы, ономастика саласының білікті маманы Ләззат Жұмаханқызы облыстың елді мекендерін аралап, жергілікті тұрғындармен, өлкетанушылармен, көнекөз қариялармен кездесіп, сұхбат алып, жер-су атауларының тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізетіндерін жеткізді.
Сондай-ақ Л.Жұмаханқызы «Мемлекеттік тіл саясаты және ономастика мәселелері» тақырыбында хабарлама жасап, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 20232029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруда және «Тіл туралы» Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Тілдегі түйіткілдерді түзеу, деректемелер мен көрнекі ақпараттың сауаттылығын арттыру, елді мекен, көше атауларының тарихи атауларын зерттеу, ономастика саласындағы жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, жүйелі жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Жиынға аудан ардагерлері, кент, ауылдық округтегі және бөлімдегі тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне жауапты мамандар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, өлкетанушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
"ҚТ" ақпарат
26 шілде 2026 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30