» » БАЙҚОҢЫРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

БАЙҚОҢЫРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІММЕН ҚАМТУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ


Байқоңыр қаласында білім беру инфрақұрылымын дамыту және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соңғы жылдары қазақстандық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың саны артып, бүлдіршіндерге сапалы білім мен тәрбие беруге қолайлы жағдай қалыптасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

-Соңғы жылдары атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қазақстандық білім беру стандарттары бойынша 6 балабақша жұмыс істейді. Оның 3-і мемлекеттік, 3-і жекеменшік. Қазіргі таңда бұл мектепке дейінгі ұйымдарда 1 100 бала тәрбиеленуде. 2022 жылы қалада қазақстандық стандарт бойынша небәрі бір ғана мемлекеттік балабақша жұмыс істеген болса, бүгінде олардың саны алтыға жетіп, мектепке дейінгі біліммен қамту мүмкіндігі едәуір кеңейді. Биыл Мемлекет басшысының мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында қазақстандық білім беру стандарты бойынша 180 орындық №26 мемлекеттік бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы әкімшілігінен бір ресейлік мектеп ғимаратын жалдан шығару арқылы 2026-2027 оқу жылынан бастап қазақстандық білім беру стандарты бойынша жаңа жалпы білім беретін мектеп ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде,-деді Қайрат Ырзақұлұлы.


24 шілде 2026 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30