» » Әуежайдан қандай лауазымды тұлғалар тексеріссіз өте алады?

Әуежайдан қандай лауазымды тұлғалар тексеріссіз өте алады?

Еліміздің әуежайларында тексеруден босатылатын және арнайы VIP-залдарды пайдаланатын тұлғалардың тізімі жаңартылды. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған Үкімет қаулысы 17 шілдеден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, вице-президент алғаш рет тексеріп-қараудан босатылатын лауазымды тұлғалардың қатарына енгізілді. Сонымен қатар ол арнайы қызмет көрсетілетін VIP-залдарды да пайдалана алады.
Тізімге Құрылтай төрағасы мен Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы енген.

Бұдан бөлек, арнайы VIP-залдарды пайдалану құқығы бар тұлғалардың қатарына Президент, Премьер-министр, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, Құрылтай комитеттерінің төрағалары мен депутаттары, Конституциялық сот аппаратының басшылары, сондай-ақ басқа да жоғары лауазымды тұлғалар басқаратын ресми делегация мүшелері кіреді.

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай депутаттарына кәсіпкерлікпен айналысуға немесе ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызмет атқаруға тыйым салынады.
21 шілде 2026 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031