» » Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов

Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов

Саясаттанушы Марат Шибұтов болашақбірпалаталы Парламент – Құрылтайды тарату мүмкіндігі  туралы  конституциялық  норманы неғұрлым егжей-тегжейлі тұжырымдауды ұсынды. Ол өз пікірін Конституциялық реформа  жөніндегі  комиссияның  оныншы отырысында білдірді.
Марат Шибұтов Құрылтай бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындауды келісуге құқылы екенін айтты. Олардың қатарында Вице-Президент, Премьер-Министр, Конституциялық Соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі және Жоғары аудиторлық  палатаның 8 мүшесі бар. Яғни, қазіргіден әлдеқайда көп.
Марат Шибұтов Парламентті тарату тетіктерін неғұрлым икемді және ымыраға келуге мүмкіндік беретіндей етуді ұсынды.
«Таратады» деген сөздің орнына менүзілді-кесілділікті алып тастап, келісімге келу мүмкіндігін қалдырып, «таратуға құқылы» дегенді  қолдануды ұсынамын. Бұл«Президент» бөліміндегі 46-баптың 2, 4,8-тармақтарына және «Құрылтай» бөліміндегі 62-баптың 1, 2-тармақтарына қатысты. Осылайша, біз саяси жүйені икемді және ымыраға келуге бейім етеміз. Құрметті Комиссия,  менің  ұсынысымды  қолдауды сұраймын», – деді ол.
Саясаттанушы сондай-ақ ҚР жаңа Конституциясына ұсынылған әрбір тұжырым Конституциялық комиссияда қызу талқылаудан өтіп, ашық қоғамдық бағалаумен сүйемелденгенін атап өтті.
«Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адалүдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңдебізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі  мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасы жалпы халықтық дауыс беруге шығаруға дайындеп санаймын», – деп қорытындылады Марат Шибұтов.


09 ақпан 2026 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930