» » Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары

Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары

Жұмыртқадан жасалатын шаш маскалары
Өзіңіз білетіндей, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы алғанда, жұмыртқа құрылымы 13% ақуыздан, соншалықты мөлшерде майдан, 0,67% көмірсудан құралған. Мұнымен қатар, жұмыртқаның құрамына лецитин атты пайдалы зат кіреді. А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш үшін өте пайдалы.
Мұны білген адамдар ертеден-ақ жұмыртқадан түрлі маскалар жасап, шаш күтіміне арналған косметикалық құрал ретінде қолданған.
Айта кету керек, жұмыртқаны табиғи күйінде де, басқа да табиғи өнімдермен араластырып та қолдануға болады. Толық жұмыртқаны шаштың түсуіне, күңгірттенуге қарсы, ал сары уызын майланған шашқа, ақ түсін керісінше, құрғақ шашқа пайдаланған дұрыс.  
Ескерту: маскаға арналған жұмыртқа ескірмеген әрі бөлме температурасымен бірдей болу керек. Маскалар құрғақ шашқа жағылып, сусабынсыз жылы сумен жуылады, бірақ шашқа арналған кондиционерді қолдануға тырысыңыз.
Шашты нәрлендіру үшін
Шашты нәрлендіру әрі жұмсарту үшін жұмыртқа ағынан жасалған маска пайдалы болмақ. Ол үшін 3 ас қасық қаймақ пен бір шәй қасық зәйтүн майын араластырасыз да, жақсылап қозғап, ұзындығы бойынша жағып шығыңыз. 30 минут өткеннен кейін шаштың түбіне жеткізе жағыңыз. Әбден сіңу үшін полиэтилен қалпақ киесіз. Басты жылы сумен шайып тастаңыз.
Шашты жылтырату үшін
Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз.
Шашты өсіру үшін
Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын  болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.
Жұқа шаш үшін
Жұқа шашты еркелеткіңіз келсе жұмыртқа сарысы мен банан езбесінен маска жасаңыз. Бір бананды үккіштен өткізіп алыңыз. Жұмыртқаның ағын сарысынан ажыратып, езбеге қосасыз. Масканы шаш ұзындығы бойынша жағып, полиэтилен қалта киіп аласыз. 30 минут әбден жеткілікті.
Ұштанған шаш үшін
Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан сүлгі орап алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз.
Қайызғақ үшін
Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30  минут жеткілікті.
Әлсіз шаш үшін
Күңгірттенген, жұқа, зақымдалған, әлсіз шашты берік ету үшін де жұмыртқа маскасына жүгініңіз. Жұмыртқаны жарып, ас қасық коньяк пен зәйтүн майын қосасыз. Бұл масканы 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Артынан сусабынмен жуыңыз.
12 шілде 2018 ж. 1 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031