» » Байқоңырдан «Союз МС-29» ұшырылды: Экипаж сегіз ай ғарышта болады

Байқоңырдан «Союз МС-29» ұшырылды: Экипаж сегіз ай ғарышта болады

«Союз МС-29» пилотты ғарыш кемесін алып ұшқан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ұшыру 14 шілде күні Қазақстан уақытымен 19:47-де №31 ұшыру алаңынан жүзеге асты.
Ғарыш кемесінің бортында «Роскосмос» ғарышкерлері Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон бар. Экипаж командирі болып Петр Дубров тағайындалды. Ал Анна Кикина мен Анил Менон борт инженері міндетін атқарады.
Ғарыш кемесінің белгіленген орбитаға шығарылуы, зымыранның үшінші сатысынан ажыратылуы, антенналары мен күн батареялары панельдерінің ашылуы штаттық режимде өтті.
Кеме жерді екі рет айналып шығып, Халықаралық ғарыш стансасының Ресей сегментіндегі «Причал» модуліне түйісуі тиіс. Түйісу Қазақстан уақытымен 22:56-ға жоспарланған.
Экипаж орбитада шамамен сегіз ай жұмыс істеп, Жерге 2027 жылдың сәуір айында оралады. Бұл Анил Менон үшін алғашқы ғарыш сапары болса, Петр Дубров пен Анна Кикина үшін екінші миссия болмақ.
15 шілде 2026 ж. 149 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031