Құрылтай
» » ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРІК ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «TUKIB» түрік-қазақ кәсіпкерлері қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
«Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Кемелұлының, Режеп Тайип Ердоғанның көшбасшылығымен бүгінде екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл өз кезегінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамуына серпін берді.
Бүгінде Қызылорда облысы тарихи мұрасымен ғана емес, инвестициялық мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Өңірде агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс индустриясын, тау-кен және өңдеу өнеркәсібін дамытудың, көлік-логистикалық әлеуетті арттырудың, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудың қажетті алғышарттары бар. Осы бағытта әрбір инвестормен ашық, сенімді және ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға дайынбыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Аймақ басшысы «Қазақстан Зираат Банкінің» Қызылорда қаласында филиалын ашып, өңірдегі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруды ұсынды.
Аймақтың қарқынды дамуын ескере отырып
«Қазстройподряд» компаниясымен облыс орталығында заманауи сауда және ойын-сауық орталығын салу, «Тиряки Холдингпен» бірлесіп керамикалық плита және санитарлық бұйымдар өндірісін іске қосу мәселелеріне тоқталды.
Өңдеу өнеркәсібінде «YDA Holding»-тің тәжірибесін пайдаланып, жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыруға, «Mir Yıldız» компаниясының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Өңірдің көлік-логистикалық әлеуеті жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты «Қорқыт Ата халықаралық әуежайын» сенімгерлік басқаруға алу мүмкіндігін қарастыру және халықаралық хаб ретінде дамыту, «Alarko Holding»-пен жоғары технологиялық жылыжай кешенін, «Aksa Energy»-мен бірлесіп ет өңдеу комбинатын салу бағытында ынтымақтастық орнату ұсынылды.
Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейуге, бірлескен жобаларды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 шілде 2026 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

№54 (10522)

21 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 572
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 038

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31