» » Облыс әкімі «VANA INTERNATIONAL» компаниясы өкілдерімен кездесті

Облыс әкімі «VANA INTERNATIONAL» компаниясы өкілдерімен кездесті



Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Астана қаласына жұмыс сапары кезінде "Қорқыт ата әуежайын" сенімгерлік басқаруға беру аясында халықаралық «Vana International» компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен және «Kazakhstan Aviation Holding LTD» компаниясының мамандарымен кездесті.

Кездесуде тараптар әуежай инфрақұрылымын дамыту, әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейту және нысанды халықаралық талаптарға сәйкестендіру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қаралып, әуежай қызметінің сапасын, жолаушылар ағынын арттыру, логистикалық әлеуетті ілгерлету бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Өз кезегінде Мұрат Нәлқожаұлы өңірдің көлік-логистика саласын жетілдірудегі жобалардың маңыздылығына тоқталып, инвесторлармен өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыруға уағдаласты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 мамыр 2026 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930