» » ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Tansu Construction» ЖШС директоры Николай Ким, «Vertex Holding» ЖШС бас директорының орынбасары Ирина Кенжетаева, күрделі жобалар бөлімінің басшысы Майра Усипбекова және «Астел-К» серіктестігінің бас инженері Бахадыр Садыковпен кездесті.
Кездесуде 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысының барысы талқыланды.
Еске салайық, жыл басында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қызылорда қаласында тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Аталған жоба инвестор Эдуард Огайдың демеушілігімен жүзеге асырылуда, жалпы құны 20,0 млрд теңге. Ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метр, 3 гектар жер телімі бөлінген. Үш қабатты, жертөлесі, конференция, оқу, электрондық кітапхана, облыстық тарих және басылымдар, архив және сирек қор залдары, әлем әдебиеті бөлімі, өнер галереялары, медиалаборатория, көрме галереясы, балалар аймақтары, коворкинг, фудкорт, қалпына келтіру шеберханасы, типографиясы болады.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігері «Tansu Construction», авторлық қадағалаушы «Астел-К» және техникалық қадағалаушы «SJS Казахстан LTD» серіктестіктерімен келісімшарттар рәсімделген.
Нысанды қажетті инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету үшін барлық техникалық шарт алынған. Құрылыс алаңында жер қазу басталып, жерасты суының деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 шілде 2026 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30