» » IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

Фото: alfa.kz
Қазақстанда IT саласын қолдау шаралары ұзақ мерзімге жалғасуы мүмкін. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Astana Hub қатысушыларына арналған салықтық жеңілдіктерді 2045 жылға дейін сақтау мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство бұл бастаманы экономиканы цифрлық трансформациялау стратегиясы аясында жүзеге асыруды жоспарлады. Осыған байланысты Astana Hub резиденттерін қолдаудың 2028 жылдан кейінгі параметрлері әзірленіп, оларды 2045 жылға дейін ұзарту көзделген.
Министрліктің мәліметінше, бастама Қазақстанның өңірлік IT-орталық ретіндегі позициясын нығайтып, технологиялық компаниялар үшін тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бизнес-орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді жоспар жасанды интеллект саласындағы жаһандық үрдістерді, экспорттық әлеуетті кеңейтуді және жоғары технологиялық инвестицияларды тартуды ескереді.
Ведомство Astana Hub цифрлық экономиканы дамытудағы тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Сондықтан алдағы міндеттердің бірі – қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қана қоймай, IT-компанияларға ұзақ жылдарға арналған даму жоспарын құруға жағдай жасау.

Қазіргі таңда Astana Hub экожүйесінде 2 268 компания тіркелген. Хаб аясында 35 мың жоғары білікті жұмыс орны ашылып, 438 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Сонымен қатар отандық IT-шешімдердің экспорт көлемі 1,9 млрд долларға жеткен.
Қазір министрлік сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен қолданыстағы қолдау тетіктерін талдап, оларды жетілдіру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі басымдықтар қатарында инновациялық ортаны дамыту, адами капиталды күшейту және жасанды интеллект саласындағы озық технологияларды енгізу бар.
Мамандардың пікірінше, Astana Hub-ты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанды технологиялық бизнес үшін әлемдегі ең тартымды елдердің біріне айналдыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болмақ.
12 маусым 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 821

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930