Конституция
» » Қызылордадағы мамандандырылған ХҚКО күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Қызылордадағы мамандандырылған ХҚКО күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қаладағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, ғимаратты жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, халыққа қызмет көрсету үдерісі тоқтатылмайды. Өзгерістер тек фототүсіру аймағының орналасуына қатысты болады. Жөндеу жұмыстары кезеңінде фотозона уақытша басқа жерге көшіріледі.
Облыстық филиалдың мәліметінше, жөндеу жұмыстары орталыққа келушілер мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
«Мамандандырылған бөлім мемлекеттік қызметтерді бұрынғы режимде көрсетуді жалғастырады. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетіндіктен, қызмет алушыларға келетін қолайсыздықтар барынша азайтылады. Жөндеу аясында ғимараттағы ескі плиткаларды демонтаждау және шатырды жылылау жұмыстары жоспарланған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және барлық қажетті сақтық шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша өзгерістерге келушілер түсіністікпен қарайды деп сенеміз», – деді Қызылорда облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Аида Абибуллаева.
11 маусым 2026 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 923

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031