Конституция
» » ӨҢІРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ӨҢІРДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Өңірде өрт қауіпті маусым басталғалы мемлекеттік орман қоры аумақтарында 26 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттердің жалпы аумағы 1295 гектардан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірнеше есе жоғары көрсеткішке жеткен. Осыған байланысты өңірде табиғи өрттердің алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жалғасуда.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, биылғы өрттердің басым бөлігі Жалағаш, Шиелі, Арал және Сырдария аудандарында тіркелген. Өрт ошақтарының бірқатары геопортал жүйесі мен рейдтік іс-шаралар барысында анықталса, кейбір жағдайлар бақылаулы өртеу жұмыстары кезінде белгіленген талаптардың сақталмауынан орын алған.

- Өрттердің шығу себептерін анықтау және олардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Анықталған деректер бойынша бірнеше өрттің ашық отты абайсыз пайдалану салдарынан шыққаны белгілі болды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді. Өрт қаупін азайту мақсатында облыс көлемінде ауқымды профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері орман шаруашылығы, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен 50-ден астам рейд ұйымдастырылып, 125 профилактикалық іс-шара өткізілген. Оған 1400-ден астам тұрғын қамтылды. Сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілген. Өрт қауіпсіздігі талаптарын насихаттау мақсатында ондаған бейнеролик, радио хабарлама мен мақалалар жарияланып, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстар жүргізілген. Өңірдің төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында мамыр айында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Іс-шараға 70 техника, тікұшақ, 200 қызметкер және арнайы кинологиялық топ жұмылдырылған. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 10 өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып, төтенше жағдай кезінде күштер мен құралдардың іс-қимылы пысықталды,-деді Бейбітхан Оразайұлы.

10 маусым 2026 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 396
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.
«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

«ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ»

20 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 915

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031