Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ӨРТ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КӨПТЕП ОРНАТЫЛУДА

ӨРТ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛАТЫН ҚҰРЫЛҒЫЛАР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ КӨПТЕП ОРНАТЫЛУДА


Жыл басынан бері облыс аумағында өрт оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов айтты.

– Жыл басынан бері облыс аумағында 60 өрт оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, олардың басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алуда. Негізгі себеп - тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарына салғырт қарауы. Пештердің техникалық жағдайын тексермеу, балаларды қараусыз қалдыру, қауіпсіздік ережелерін сақтамау сияқты жағдайлар әлі де кездеседі.
Осыған байланысты жылу беру маусымы кезінде жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар «Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол!», «Өрт болса – дереу хабарла!», «Қауіпсіз тұрғын үй», «Қауіпсіз асхана» акциялары ұйымдастырылды.
Сондай-ақ сауда нысандарында 5 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, – деді Бейбітхан Оразайұлы.

Сонымен қатар спикердің айтуынша өрттің алдын алуда тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы маңызды. Соңғы уақытта үйлерге өртті ерте анықтайтын арнайы датчиктер орнату жұмыстары да күшейтілген.

Мұндай құрылғылар түтін немесе қауіпті газ пайда болған жағдайда бірден дабыл беріп, тұрғындарға қауіп туралы ескерту жасайды. Бұл өз кезегінде өрттің алғашқы сәтінде әрекет етуге мүмкіндік беріп, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
11 наурыз 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 600
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031