АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, аудан әкімінің орынбасарлары арасындағы міндеттерді жандандыру әрі күшейту бағытындағы мәселелер қаралды.
Бұған дейін аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Әбділәмитұлы Сыдықов аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне, сондай-ақ Жосалы кенті, Төретам кенті, Ақтөбе және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жетекшілік етіп келген болатын.
Бүгінгі таңда Шыңғыс Әбділәмитұлының жетекшілік ететін салаларына аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық білім бөлімі бекітілді. Сонымен қатар Ақжар, Дауылкөл, Алдашбай Ахун, Қуаңдария және Т.Көмекбаев ауылдық округтеріне жетекшілік жасайтын болады. Сондай-ақ білім беру ұйымдары, аудандық аграрлық-техникалық колледж, денсаулық сақтау саласындағы мекемелер, ветеринария және ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар мекемелердің қызметін үйлестіреді.
Аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы Смағұлов бұған дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жетекшілік етіп, Ақжар, Дауылкөл, Алдашбай Ахун, Қуаңдария және Т.Көмекбаев ауылдық округтеріне жауапты болған.
Жаңа міндеттерге сәйкес Самат Қыдырбекұлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне, аудандық экономика және қаржы бөліміне, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жетекшілік етеді. Сонымен қатар Төретам кенті, Ақай, Қармақшы және Жаңажол ауылдық округтерінің жұмысын үйлестіретін болады.
Ал аудан әкімінің орынбасары Диас Асылбекұлы Молдабаев бұған дейін аудандық қоғамдық даму бөліміне, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық білім бөліміне жетекшілік етіп, Ақай, Қармақшы, Жосалы, Иіркөл және Жаңажол ауылдық округтеріне жауапты болған.
Жаңадан бекітілген міндеттерге сәйкес Диас Асылбекұлы аудандық қоғамдық даму бөліміне, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне жетекшілік жасайды. Сонымен қатар Жосалы, Иіркөл, ІІІ Интернационал және Ақтөбе ауылдық округтерінің қызметін үйлестіретін болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
















