» » Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген сәбилердi арнайы құттықтауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінiң басшысы Айгүл Асылбекқызы барып, үшем ата-анасына басқарма тарапынан арнайы сыйлықтар табыс еттi.
Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.
1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды. Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi.
Сәбилердің анасы 32 жастағы Бекбаулы Мөлдір, әкесі – 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының Баймановтар отбасы бұған дейін де екі бала тәрбиелеп отырған отбасы.
30 мамыр 2026 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930