» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ


Қызылорда қаласындағы қайта жаңғыртудан өткен Президент саябағы аумағында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы заң үстемдігін нығайту және халықпен кері байланысты күшейту.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, құқықтық және қоғамдық мәселелер бойынша түрлі сала өкілдеріне тікелей жүгініп, нақты жауаптар мен кеңестер алды. Азаматтардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, бірқатар мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық қабылдауыға арнайы қатысқан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева тәжірибелі заңгер ретінде тұрғындардың құқықтық сауалдарына жауап беріп, заң аясында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптары мен азаматтардың құқықтарына қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.
Ал «Qosyl» қалалық жастар орталығының басшысы Медет Жорабек жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында өз ойын ортаға салды.
Жастар арасында заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен қозғалды. Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтудың маңызды тетігі екені атап өтілді.
Осындай ашық форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға да ықпал етеді.
28 мамыр 2026 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30