» » Автожолдардың жай-күйі мобильді зертханамен тексеріліп жатыр

Автожолдардың жай-күйі мобильді зертханамен тексеріліп жатыр

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы мамандары республикалық маңыздағы автожолдарды мобильді зертханамен тексеруге шықты. Қыс-көктемнен кейін жолдардың жай-күйі мен сапасын зерделеу жыл сайын жүретін маңызды процесс.

Арнайы заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертхана алдымен өңір аумағына тиесілі КАZ-06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолына тексеру жүргізді. Жалпы трассаның жай-күйі бірнеше параметр бойынша анықталады. Жалпы ұзындығы 800 шақырымнан асатын жолды диагностикалық тексеру барысында кейбір аралығында автожолдың көлденең және тік еңістері, асфальттың кедір-бүдірлігі, ауыр жүк көліктерінен пайда болатын жол іздері мен шұңқырлар тіркелген. Бұл аймақ жолдарында жиі кездесетін кемшіліктер.

-Мобильді кешен толықтай автоматтандырылған. Бұл жүйе жасанды инттелект арқылы жұмыс істейді. Жолдың кез-келген кемшілігін аса дәлдікпен анықтап, мезетінде арнайы базаға түсіріп отырады. Яғни, адами фактор жоқ. Жолдағы көліктердің интенисвтік көрсеткішіне дейін шығарып береді. Біздің жұмыс базаға түскен ақпараттарды тізбектеп, анықталған ақауларды қайта қалпына келтіру бойынша тиісті мекемеге ұсыныс жібереміз. Және жол күтімімен айналысатын мердігер анықталған кемшіліктерді түзетіп отырады,- дейді ЖАСҰО инженері Нұржан Бекжігітов.

Қазіргі таңда орталық мамандары республикалық маңыздағы «Қызылорда-Жезқазған» автожолына диагностикалық тексеру жүргізіп жатыр. Мобильді кешен анықтаған ақаулар жол салушы мердігер компанияларға жіберіледі. Себебі, былтыр ғана ел игілігіне берілген күрежолдың 5 жылдық кепілдік мерзімі бар.
28 мамыр 2026 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930