» » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - БАСТЫ МІНДЕТ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ - БАСТЫ МІНДЕТ


Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов қатысты.

Жиын барысында қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар мекемелердің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бейімделу деңгейі талқыланып, жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, ғимараттарға кіріп-шығу қолайлылығы, пандустардың талапқа сәйкестігі, тактильді белгілер.

Комиссия төрағасы Сейл Жұмадьяров мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық ортада кедергісіз қозғалуына жағдай жасау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар беріліп, оларды кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылады деп атап өтті.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
22 мамыр 2026 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 290

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031