ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
2026 жылғы 15 мамыр-15 маусым аралығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының І кезеңі өткізілетінін хабарлаймыз!
Байқаудың мақсаты - отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Байқау үш кезеңде: бірінші – аудандық, екінші – өңірлік (облыстық), үшінші – ұлттық кезеңдерде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі - бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының қалалық және аудандық кезеңдеріне қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2026 жылғы 15 мамырдан - 15 маусымға дейін Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінің қоғамдық даму бөлімдеріне өтінім береді.
Ескерту: қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар, бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2026 жылғы 15 мамырдан - 15 маусымға дейін Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44 мекен-жайы бойынша «Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі» КММ-не өтінім береді.
Толық ақпаратты: 8 (72437) 2-28-33
















