» » «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау жалғасуда

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау жалғасуда

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2024 жылдың 15 маусым күніне дейін аудандық қоғамдық даму бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44 үй. Байланыс телефоны: 8 (72437) 2-28-33.
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі
12 маусым 2024 ж. 93 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

№49 (10314)

22 маусым 2024 ж.

№48 (10313)

18 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 311
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 2 807

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930