» » ҚУАҢДАРИЯДА ӨТКЕН ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

ҚУАҢДАРИЯДА ӨТКЕН ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ


Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық сот төрағасы, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар бөлімі және Мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларымен бірге Қуаңдария ауылдық клуб үйінде аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жалпы 50-ге жуық тұрғын қатысып, өздерінің өзекті мәселелерін жеткізді. Азаматтар көбінесе жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жарықтандыру және инфрақұрылым мәселелері бойынша ұсыныстарын білдірді. Әрбір өтініш бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Айта кету керек, 2026 жылдың І тоқсанында аудан әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауында 91 азамат болып, оның 74-і жұмыс мәселесі бойынша жүгінген болатын. Бүгінде өтініш білдірген азаматтардың 53%-ы тұрақты және қоғамдық жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы, аудан әкімінің жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде өткізіліп, тұрғындардың ұсыныс, пікірлерін шешуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 сәуір 2026 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30