» » АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА ӨТКЕН БАЙҚАУ

АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА ӨТКЕН БАЙҚАУ

23 сәуір – Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні ретінде атап өтіледі. Бұл мереке аясында еліміздің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін насихаттау және зияткерлік әлеуетті арттыру мақсатында кітап апталығы ұйымдастырылуда.

Осы игі шаралар аясында 16 сәуір күні Қармақшы аудандық кітапханасында “100 кітап – 100 туынды: тіл мен кітап егіз ұғым” атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға аудан бойынша 18 кітапхана қатысып, өзара тәжірибе алмасып, шығармашылықтарын көрсетті.

Аталған байқауда ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының оқырмандары белсенділік танытып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Соның нәтижесінде олар Қармақшы аудандық кітапханасының директоры Г. Қаниева Бөгенбайқызының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сафуан Шаймерденовтың “Инеш” романы желісі бойынша әсерлі қойылым сахналанды. Қойылымға №108 орта мектебінің 10-сынып оқушылары Өмірзақова Нұрай, Бағдатқызы Дильнара, Қалдыбекова Кәусар қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.

Осындай мазмұнды шаралар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Барша қатысушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін! Кітаппен достықтарыңыз мәңгі жалғасып, білім мен өнер жолында үлкен жетістіктерге жете беріңіздер!

17 сәуір 2026 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 079
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031