» » «Ғарыш әлеміне саяхат» сурет байқауы

«Ғарыш әлеміне саяхат» сурет байқауы

Қармақшы ауданының оқушылар үйіндегі «Шабыт» бірлестігінің «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» апталығы аясында, «Көркемөнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен 12 сәуір – Халықаралық Ғарышкерлер күніне орай «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру және ғарыш әлемі туралы танымын кеңейту.

Байқау барысында қатысушылар өз қиялындағы ғарыш әлемін түрлі техникада (акварель, гуашь және т.б.) бейнелеп, ерекше туындыларын ұсынды. Әрбір жұмыс тақырыптың ашылуы, шығармашылық идеясы, ұқыптылығы мен ерекшелігі бойынша бағаланды.
Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар марапатталды.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың өнерге деген сүйіспеншілігі артып, шығармашылық әлеуеті шыңдала түсті.
10 сәуір 2026 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 300
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 450

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30