» » РАДИОЛОГИЯЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

РАДИОЛОГИЯЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында заманауи ситуациялық орталық ашылып, жасанды интеллект негізінде радиологиялық-ақпараттық жүйе жобасы іске қосылды. Бұл бастама өңірдегі денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.

Жоба аясында ТМД елдерінде теңдесі жоқ жүйе құрылып, 27 медициналық нысан бірыңғай ақпараттық платформаға біріктірілді. Нәтижесінде радиологиялық зерттеулер орталықтандырылып, диагностиканың сапасы мен жеделдігі айтарлықтай артпақ.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу, қатерлі ісікпен күресті күшейту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және радиологиялық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ашылған жоба DigitalEL тізіміне енгізіліп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған. Бұл оны Қазақстандағы медицина саласын цифрландырудағы үздік жобалардың бірі ретінде айқындайды.

Аталған жобаға ПАКС (PACS) жүйесі енгізіліп, x-Eye Mammo, Toraks, Ribout Pneumonia секілді жасанды интеллект шешімдері қолданылуда. Бұл технологиялар медициналық кескіндерді жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік береді.

Жобаға облыстық онкология орталығы мен облыстық фтизиопульмонология орталығы қамтылған. Медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылды: 57 жұмыс станциясы мен дербес компьютер, әр дәрігерге арналған UPS және принтерлер, 28 жоғары ажыратымдылықтағы медициналық монитор, сондай-ақ Agfa 15X цифрландырғышымен жабдықталған 7 рентген аппараты іске қосылды. Бұдан бөлек, цифрландырғыш құрылғыларға 13 лицензия орнатылды.

Жасанды интеллектті енгізудің нәтижесінде ағзадағы ісікті 1 мм көлемінен бастап анықтау мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, қашықтан диагностика жүргізу жолға қойылып, адами фактор әсері 95 пайызға дейін төмендеді. Бұл уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба шеңберінде цифрлық мұрағат қалыптастырылып, пленкасыз технология енгізілді. Нәтижесінде жылына 300 млн. теңгеге дейін үнемдеу мүмкіндігі туындап, зерттеу сапасы артып, клиникалық есеп жүргізу жүйесі жеңілдетілді.

03 сәуір 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 772
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 133

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930