» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусинмен кездесті. Кездесуде жоғары сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті трансформациялау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда өңірдегі 21 медициналық ұйымда «Жасанды интеллект арқылы онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру технологиясын енгізу» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 млрд 175 млн теңге бөлінген.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында барлық ауданда талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы 539 бейнебақылау камерасы мен 49 жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылып, жедел басқару орталықтары жаңғыртылды. Осындай жұмыстар Байқоңыр қаласында және Ақай, Төретам елді мекендерінде де жүргізілді.
Қызылорда қаласында 1400 бейнебақылау камерасы, 80 «зияткерлік қиылыс» және 96 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы орнатылды. Облыстық жедел басқару орталығы қайта жаңғыртылып, жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалық жүйе енгізілді.
Аталған жүйеге Ішкі істер министрлігі, облыс әкімдігі, облыстық ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттері қосылған. Жобаларды іске асыруға облыстық бюджеттен 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, қолданыстағы бейнебақылау камераларын Ұлттық бейнебақылау жүйесіне қосу жоспарлануда.
Кездесуде Бағдат Мусин ортақ бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 ақпан 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930