» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті бюджет есебінен бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 1400 бейнебақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.
Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, толықтай жаңартылған. Орталықтың басқару залына бейнеқабырға, операторларға арналған 15 автоматтандырылған жұмыс орны мен жаңа жиһаздар қойылған. Мұнан бөлек, заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, бейнеконференц байланыс жүйесі іске қосылған.
Қызылорда облысында республикада алғашқы болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды.
Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 4 млрд 550 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, оның 1 млрд 382 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

28 маусым 2025 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930