» » Қармақшы ауданы әкімі жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Қармақшы ауданы әкімі жедел басқару орталығының жұмысымен танысты

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы аудандық полиция бөлімінің базасында орналасқан Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес қалалық және аудандық полиция бөліністеріндегі кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру жүктелген болатын.

Осы орайда облыс әкімінің қолдауымен аудандық полиция бөліміндегі Жедел басқару орталығын құруға қаржы бөлініп, ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 77 бейнекамера, 7 жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы, оған қоса «ЖБО 2.0» бағдарламасы да қамтамасыз етілген.

Аудандағы Жедел басқару орталығында бейнекамералар пилоттық режимде жұмысын бастады.

Аталған орталықтың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Айта кету керек, аталған камерамен санитарлық тазалық, жол қозғалысы, тұрғындардың қауіпсіздігі, оның ішінде бала қауіпсіздігі бақыланатын болады.

16 қаңтар 2025 ж. 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930