» » Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды

Фото: Белкөл кенті
Бүгін Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала кіреберісіндегі Белкөл кентінің маңында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оған 300-ге жуық орман шаруашылығы және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен қала әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері қатысып, 5000 түп үйеңкі, қараағаш, терек және катальпа ағаштарының көшеттерін отырғызды.
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды
Акцияға облыс әкімінің орынбасары Б. Жаханов, облыс әкімі аппаратының басшысы Ә. Мұхамедияров, қала әкімі Н. Ахатов және басқа да мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Қатысушылар жасыл желекті көбейту, қаланың көркін жақсарту және табиғатты қорғау бағытындағы өздерінің үлесін қосты.
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында мыңдаған ағаш көшеттері отырғызылды
Облыстағы орман өсіру мен көгалдандыру жұмыстары үшін орман шаруашылығы мекемелерінде 191,5 гектар (158 га уақытша, 33,5 га тұрақты) жерге тұқымбақтар ұйымдастырылған. Сол тұқымбақтарда стандартқа жеткен 300 мың дана саялы ағаш көшеттері өсірілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Қорқыт ата» әуежайы жолының бойына 20 гектар алаңға 4300 дана алма ағашының көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.
Мұндай экологиялық бастамалар Қызылорда қаласында жасыл желекті көбейтіп қана қоймай, тұрғындарға табиғатқа қамқорлық жасауға үлгі болып отыр.

23 наурыз 2026 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 874
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 533

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930