» » “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

“Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында, түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қармақшы ауданы полиция бөлім бастығының орынбасары полиция майоры Абдугаппаров Дулатбек Жалғасбекұлы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде орналасқан №121 қазақ орта мектебінің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесті.
Оқушылармен ата-аналарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академияларына білім алуға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жоғары оқу орындарына түсу шарттары мен талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында, жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша оқушыларға бейнежазба көрсетіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде кеңінен тараған интернет алаяқтықтың, жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша бейнежазба көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

20 наурыз 2026 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30