» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

qarmaqshy-tany.kz Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі Жосалы станциясындағы желілік полиция бөлімше қызметкерлері кент орталығындағы №27 орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды қаласындағы академиясына, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы қаласындағы академиясына тыңдаушылар қатарына шақыру бойынша үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты - бітіруші мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көлік полицейі деген абыройлы мамандық жөнінде, еліміздегі ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындаушы жоғары және арнайы оқу орындары жайлы және Академия жайлы, ондағы тыңдаушыларға қойылатын талаптар туралы ақпараттар беру. Түсіндіру барысында оқушылар арасында осы мамандыққа байланысты көптеген сұрақтар туындап, әрқайсысы өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.
10 ақпан 2023 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 123
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031