» » Қиярдан жасалатын маска түрлері

Қиярдан жасалатын маска түрлері

Қиярдан жасалатын маска түрлері
Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.
Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.
Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді.
Құрғақ теріге арналған маска. Қиярды үккіштен өткізіп, ботқа дайындайды. Оны 1 ас қасық қаймақпен араластырып, бетте 15 минус ұстайды да жылы сумен жуып тастайды. Аптасына 2 рет қайталаңыз.
Әжімнен қорғайтын маска. Қияр мен картопты үккіштен өткізіп араластырады. 15 минуттан соң масканы салқын сумен жуып тастайды. Сонымен қатар, қиярды мұздатқышта қатырып, содан соң жылытады. Дөңгелек етіп кесіп, оны бетке қояды. Бұл әжіммен күресуге арналған пайдалы тәсілдердің бірі.
Қияр қабығынан жасалатын маска. Қиярды жақсылап тазалап жуады. Қабығын кесіп, бетке жабыстырады. Сыртынан дымқыл дәке жабады. Қабықты 2-5 см алшақ орналастырады. Бірақ біраз уақытқа дейін бетті жумайды. Себебі көкөніс құрамындағы пайдалы заттар бет терісіне жақсылап сіңгені дұрыс.
Қияр шырынынан лосьон дайындау. Қиярды үккіштен өткізіп, шырынын сығып алады да, сонымен бірдей мөлшердегі спиртпен араластырады. Тұнбаны 3-4 сағат тұрған соң ғана пайдалануға болады. Бұл лосьон әсіресе майлы бетті тазалауға жақсы әсері бар.
Қиярға сүт қосып дайындалатын тазалағыш қоспа. Стақанның жартысына дейін сүт құйып, өте жұқа етіп кесілген қиярды салады. Бірнеше сағат өткен соң мұнымен бетті сүртуге болады. Құрғақ бетке арналған бұл тазалағышпен бетті күніне 2-3 рет сүртеді. Қоспаны 2-3 тәуліктен артық тоңазытқышта сақтауға болмайды.
03 шілде 2018 ж. 1 935 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 03:48
Cephalexin Altace Zyprexa Positive Direct Coombs Vendo Viagra Bergamo Tomar Propecia Comprar canadian pharmacy cialis 20mg Sildenafil Citrate Online Acticin Buy Now Skypharmacy

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031