» » Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Фото: Қызылорда облысы
Бүгін – республикалық референдум! Таңғы сағат 7.00-де Қызылорда өңіріндегі референдум учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады.

Аймақта 378 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 252-і аудандарда орналасқан.
-Учаске ашылған сәттен бастап алғаш келген тұрғындар дауыс беруде. Әрбір екі сағат сайын Орталық референдум комиссиясы азаматтардың келуі бойынша ақпараттарды ұсынатын болады.
Аймақтағы 378 учаскенің 27-і азаматтардың уақытша болу орындары яғни жабық учаскелер қатарында. Бұл учаскелерде тізімге енген азаматтар толық дауыс беріп болса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін.
Өңірде 492 524 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады,- деді Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.
15 наурыз 2026 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930