» » Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады

Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады


Платформа мен іс-шаралар бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты Digital Nauryz сайтынан білуге болады.

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты біріктіретін Digital Nauryz онлайн-платформасын іске қосады.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды, ал Digital Nauryz платформасының іске қосылуы елдегі технологиялық өзгерістер мен цифрлық трансформацияның символдарының біріне айналады.

Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталының базасында құрылды және 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Ол бірыңғай цифрлық кеңістікте іс-шаралар анонстарын, жаңалықтарды және мерекелік оқиғалардың тікелей трансляцияларын біріктіреді.

Сайтта Қазақстанның барлық облыстары бойынша өңірлік бөлімдер ұсынылған. Соның арқасында пайдаланушылар нақты қалалар мен өңірлердегі іс-шаралар туралы біле алады, қорытынды материалдармен танысып, онлайн-трансляциялар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға өте алады. Платформа бірнеше тілде және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған, бұл ақпаратты барынша кең аудиторияға қолжетімді етеді.

Жобаның іске қосылуы Наурызды мерекелеудің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады, онда көктемгі жаңару дәстүрлері заманауи технологиялармен ұштасады.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында Digital Nauryz платформасына өтетін бірыңғай баннер орналастырылды.

Қазақстандағы Наурыз мерекесінің өту барысын онлайн режимде бақылаңыз!
13 наурыз 2026 ж. 159 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930