» » Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ: Конституцияға қатысты түпкілікті шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ: Конституцияға қатысты түпкілікті шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады

Құрметті Сыр жұртшылығы!
Ардақты ағайын!

Жыл басында Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай еліміздегі ауқымды өзгерістер мен түбегейлі бетбұрыстардың бастауы болғаны белгілі. Осы алқалы жиында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған Конституциялық реформаны қоғам жан-жақты талқылады.

Біртұтас Қазақстан халқының арман-аңсары, мақсат-мүддесі кеңінен қамтылған жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылып, әр азамат өз таңдауымызды нақтылайтын күн жақын қалды.

Алдағы жексенбіде қастерлі Отанымызды, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтау, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам жасаймыз.

«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатына берік негізделген халықтық Конституцияға қатысты түпкілікті шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады.

Бұған дейінгі саяси реформалар кезінде Сыр жұртшылығы береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп белсенділік танытқан болатын. Бұл жолы да жерлестеріміз жаңғырудың жаңа кезеңінің мәнін терең түсініп, өз көзқарасын білдірудегі үлгілі жолды жалғайды деп сенемін.

Біздің азаматтарымыздың бойындағы отаншылдық пен жауапкершілікке негізделген ұстанымдары айқын. Ол – елдің жарқын болашағы, бекем бірлігі және мызғымас тұтастығы.
12 наурыз 2026 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930