Конституция
» » АТА ЗАҢ ЖОБАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

АТА ЗАҢ ЖОБАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ


Қосшыңырау ауылдық округі тұрғындарымен өңірлік және қалалық коалиция өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындармен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылды.

Кездесуге Ибадулла Құттықожаев, Сайлаубай Әбішев, Бақытбек Алпыспаев, Гүлшат Мұсаева, Абайбек Жүнісов, Дәурен Сейтжанов және Әбунасыр Алдабергенов қатысып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында қатысушыларға 15 наурызда өтеді деп жоспарланған республикалық референдум туралы ақпарат беріліп, ұсынылып отырған Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Кездесу кезінде сөз алған Ибадулла Құттықожаев Конституцияның мемлекет пен қоғам дамуын айқындайтын негізгі құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң жобасында саяси-құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылған.

Сондай-ақ, жиында Сайлаубай Әбішев пен мәдениет және өнер саласының өкілі Бақытбек Алпыспаев сөз сөйлеп, Конституция жобасында көрсетілген адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері туралы пікірлерін білдірді.

Кездесу соңында тұрғындар өз ой-пікірлерін айтып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар алды.
06 наурыз 2026 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031