» » ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАНАТТАНҒАН ЖИЫН

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАНАТТАНҒАН ЖИЫН

Бейсенбіде Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы драма театрда 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Қанатты қалам – 2018» байқауының марапаттау салтанаты өтті.
Мерекелік шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сала ардагерлері мен қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, «Қанатты қалам – 2018» байқауының үздіктерін марапаттады.
– Сыр өңірінің баспасөз тарихы тамырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдар Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі болды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталмандары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын жедел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етуде, – деді аймақ басшысы.
Рәсімде аймақ басшысы ардагер-журналист Өтеген Жаппарханға облыстың құрмет грамотасын тапсырып, иығына жапан жапты. Ұзақ жылдар отандық журналистиканың дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін қалалық «Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының» құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімовке, «Тіл мерейі» газетінің бас редакторы, республикалық «Айқын» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Миуагүл Байназароваға және облыстық «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Жолдасбек Ақсақаловқа ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ, қарымды қаламы, өткір репортажымен жер-жерден хабар жеткізген майталман журналистер министрліктің алғысы және облыс әкімінің түрлі номинацияларымен мадақталды. Ақжолтай хабар. Марапат алғандар қатарында аудандық «Қармақшы таңы» газеті ұжымы «Үздік аудандық басылым» номинациясын жеңіп алды. Тағы бір қуанышты жайт, басылымның бөлім меңгерушісі Сәрсенкүл Райымбаева Қазақстан Журналистер одағының құрмет грамотасына ие болса, жерлесіміз, ақын Шәкизада Әбдікәрімовке «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді. Байқау қорытындысымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жетістіктерін жарқырата көрсетіп, талмай тер төгіп жүрген бір топ жас журналист «Сағитжан Бермағанбетов атындағы» байқаудың жүлдегерлері атанды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», – деген еді. Осы ретте, ұлттық құндылықтарды жаһандық дәуірде қайта жаңғыртып, тынысын ашып отырған журналистер қауымы қашан да бағдарлы уақыттың тамыршысы бола бермек.
Шарада «Қорқыт жастары» көңілді тапқырлар командасы, Сыр жұлдызы Күлән Қалымбетова, талантты жас әншілер Ұлбосын Мәнтаева, Жарылқасын Оразқұлов, «Думан» би тобы ән, биден мерекелік тарту жасады.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».
02 шілде 2018 ж. 1 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031