» » АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АВТОЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті. Мәжілісте автожол саласын дамыту, жол сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Өткен жылы аудан көлемінде жол құрылысын дамытуға 3 млрд 503,6 млн теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 23 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.

Бұдан бөлек жауын-шашын салдарынан орын алған төтенше жағдайлар, электр энергиясы мен ауыз су жүйелеріндегі мәселелер қаралды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.

Сонымен қатар аудандық бюджеттің орындалу барысы қаралып, кірістер жоспарын қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жолдардың жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 наурыз 2026 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 172
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031