» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ


Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы саласындағы тәртіпті күшейту мақсатында 21-25 ақпан аралығында «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бастығы Мұратбек Манатов мәлімдеді.

Іс-шараға Полиция департаментінің 445 қызметкері мен өзге де салалардан 15 маман жұмылдырылып, 134 бағыт бойынша мобильді топтар жұмыс жүргізді.

"Профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 1436 әкімшілік хаттама рәсімделді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда такси қызметін заңсыз ұйымдастырудың 232 дерегі, рұқсатсыз қызмет көрсетудің 31 жағдайы, жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 165 фактісі тіркелген. Бұдан бөлек, Қазалы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласындағы автобус парктері жеті рет тексеріліп, бес құқық бұзушылық анықталды. 111 автокөлік айып тұрағына қойылып, 306 көліктің мемлекеттік тіркеу белгілері алынды. Облыс көлемінде жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады, — деді Мұратбек Мейрамбекұлы.
03 наурыз 2026 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30