» » 2 наурызда ел аумағында ауа райы күрт өзгереді

2 наурызда ел аумағында ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 наурызға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел аумағының басым бөлігінде қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі.
Астанада қар мен жаяу бұрқасын болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Алматыда тұман мен көктайғақ болжанады. Шымкентте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ, қар аралас жауын-шашын және екпінді жел болжанып отыр.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында қар мен жаяу бұрқасын, кей жерлерде тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында тұман мен жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін, Алакөл маңында 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтау ескертіледі.
01 наурыз 2026 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30