» » Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Елімізде Конституциялық реформаға енгізілген өзгерістерді халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатындағы ақпараттық-насихат жұмыстары Қазалы ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта коммуналдық қызмет саласының өкілдерімен кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты – жаңа Ата Заң жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру және алдағы республикалық референдумның маңызын халыққа жеткізу болды.

Кездесу «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын пайдаланушы» Қазалы өндірістік бөлімшесінің директоры Жүсіп Жаңаберген Серікұлының төрағалығымен өтті. Басқосуға «QazaqGazAimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Сансызбаев Қуаныш Қаражанұлы қатысып, өз пікірін білдірді.

Кездесу барысында спикер ұсынылып отырған құжаттың ауқымды қоғамдық диалогтың нәтижесінде әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа заман талабына сай жаңарып отырған Ата Заңның мазмұны мен ондағы басты нормалар кеңінен таныстырылып, енгізілетін өзгерістердің маңызы түсіндірілді.

Жиын соңында коммуналдық қызмет саласының мамандары ел болашағы үшін қолға алынған бастамаларға ұжым болып қатысты.
23 ақпан 2026 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 077
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031