» » АТА ЗАҢЫМ -АЙБЫНЫМ

АТА ЗАҢЫМ -АЙБЫНЫМ


Білім бөлімі басшысы Берік Съездұлының төрағалығымен «Ата Заңым – айбыным» атты жаңа Конституциялық жобаны түсіндіру, талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Ләззат Серікбайқызы және мектеп директорлары мен педагогтер қауымы қатысты.

Кездесу барысында Берік Съездұлы елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа конституциялық реформалардың маңыздылығын жан-жақты атап өтіп, жаңартылған Ата Заңның негізгі қағидаттары мен оның қоғам өміріне әкелетін оң өзгерістерін кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар жаңа Конституциялық жобаның мәтінінде ел дамуының басты негізі ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалатыны, цифрландыру үдерісіне байланысты азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау нормасы алғаш рет енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын бекіту – ұлт болашағы үшін маңызды қадам екенін жеткізді. Осы ретте Конституциялық жаңғыру мемлекет дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтуіне негіз болатын бірден - бір қадам екенін айтты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар белсенділік танытып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз көзқарастары мен пікірлерін білдірді. Кездесу соңында бөлім басшысы Жаңа Конституция жобасын педагогтар арасында жан - жақты түсіндіруді сұрады.

06 ақпан 2026 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930