Топ-баннер
» » Ауданда ардагерлермен конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті

Ауданда ардагерлермен конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын ақпараттық қолдау мақсатында «Конституциялық өзгерістер: құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында аудан ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов жүргізіп отырды. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары Бағдат Ерімбетов қатысып, ұсынылып отырған заң жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, пікір алмасты.
Шара барысында жаңа Конституция жобасында көзделген нормалардың мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы құрылымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар бұл өзгерістер қоғамның барлық саласына оң ықпал ететінін атап өтті.
Өз сөзінде Әліби Қодарұлы Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстан халқына тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді.Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ардагерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді
23 ақпан 2026 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 487
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 316

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728