Топ-баннер
» » ТАҚУАЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕР ҚАСИЕТТІ АЙ

ТАҚУАЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕР ҚАСИЕТТІ АЙ

Нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазартатын ұлы ғибадат һәм Исламдағы бес парыздың бірі – ораза. Ол тек ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, адамның рухын тәрбиелейтін, жүректі жұмсартатын, сабыр мен шүкірге үйрететін ұлы ғибадат.
Жаратқан иеміз Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Сендерге ораза парыз етілді. Бұрынғыларға парыз етілгендей. Бәлкім, тақуа боларсыңдар» дейді. Бұл аяттан оразаның басты мақсаты – тақуалыққа жету екенін көреміз, яғни Алладан қорқу, күнәдан сақтану, жүректі тазарту.
Бас мүфтидің бұйрығымен биылғы жыл «Ислам және адал қоғам жылы» деп бекітілді. Бұл бастама қоғамда әділдік пен жауапкершілікті арттырып, рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Адалдық – Ислам дінінің өзегі, ал сол адалдыққа бастайтын ең үлкен рухани мектептің бірі – ораза ғибадаты.
Ораза – адамды тек ішіп-жеуден тыйып қана қоймай, нәпсіні тәрбиелеп, мінезді түзеп, қоғамда адалдық пен жауапкершілікті қалыптастырады. Рамазан айында мұсылман баласы өз ісіне, сөзіне, табысына және қарымқатынасына мұқият болуға үйренеді. Сонымен қатар ораза адамға сабыр сақтауды, аш адамның хәлін түсінуді, нәпсіні тізгіндеуді, жүректі кек пен реніштен арылтуды үйретеді.
Пайғамбарымыз: «Кімде-кім өтірік сөз бен жаман істі қоймаса, Аллаға оның ішіп-жемегенінің қажеті жоқ» деген. Бұл хадис оразаның тек қарынға емес, тілге, көзге, ойға да қатысты екенін білдіреді.
Ораза қоғамда мейірім мен бірлікті арттырады. Бұл айда садақа көбейіп, көршіге қамқорлық жасалады, туыстық байланыс нығаяды. Рамазан – адамдарды бір дастарқанға, бір ниетке, бір дұғаға жинайтын берекелі ай. Пайғамбарымыздың хадисінде: Алла «Ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» (хадис құдси) дейді. Бұл оразаның сауабы өлшеусіз, ерекше ғибадат екенін көрсетеді.
Қасиетті ай жылына бір келетін мүмкіндік. Бұл айда жүректі тазалап, өткенге тәубе етіп, жаңа бет ашуға болады. Рамазанды тек аш жүрумен емес, иманмен, көркем мінезбен, ізгі амалмен өткізсек, оның шынайы жемісін көреміз.
Нұрболат РАХМЕТУЛЛАЕВ,
Қармақшы ауданының бас имамы
23 ақпан 2026 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 484
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 314

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728