Топ-баннер
» » АДАМГЕРШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕГЕН КІТАП

АДАМГЕРШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕГЕН КІТАП

Жуырда ауданымыздың «Руханият» орталығында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Гүлжауһар Раева елімізде жүріп жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләйла Сыздықоваға ҚР «Білім беру ісінің үздігі», саяси ғылымдарының кандидаты Мұсахан Басшыбаевтың өмір және еңбек жолына арналған «Мұсахан» атты кітабын сыйға тартты.
Іс-шараға аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, түрлі салада қызмет етіп жүрген кітапсүйер нәзікжандар қатысты.
Кітап автордың 70 жылдық мерейтойына орай баспаланған. Бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы тарауы «Қарашаңырақ», «Әулетімнің баяны», «Өнегелі өмір өркені», «Ер есімі – ел есінде» тақырыптарында автор өзінің өскен ортасы, ата-анасы, туған жері жайлы қаузаса, «Жемісті жетпіске арналған ақ тілектер» бөлімінде замандастары игі тілектерін арнайды. Ал «Баспа бетіндегі бедерлер» бөлімінде әр жылдары баспасөз бетіне жарияланған мақала, сұхбаттар орын тапқан. «Өлеңмен өрілген бейне» бөлімінде мерейгерге арналған Сыр елінің тума таланттары Талайлы Досымова, Серік Ыдырысов, Дүйсенбек Аяшұлы, Дастан Мырзабекұлы, тағы басқасының өлеңжырлары топтасқан.
Кітаптың алғы сөзі мемлекет және қоғам қайраткері, «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бақберген Досманбетовтің «Туған жерге тарту» деп аталатын мақаласымен әсерлі ашылған.
Қоғам қайраткері інісіне ағалық лебізін білдіре келе, «...Мұсахан Айтбайұлының білім мен ғылым саласындағы еңбегі – еліміздегі елеулі тарихи оқиғалармен қатар өрбіп суреттелетіні. Ел мен жер тарихы, халық тағдыры, оның туған жерінің ерекшелігі, азаматтық тұлғасының қалыптасуындағы зиялы қауым өкілдерінің әсері, тұстастары мен айналасы түгел қамтылып, оның жетпіс жасында халқы алдында берген есебі іспетті. Кітап мұнда не жазылды екен деген қызығушылықпен оқып тастай салатындай жеңіл-желпі әңгімелерден құралған бір сәттік оқиға емес. Кітап мектеп оқушысына да, ұстаздар қауымына да, білім саласының басшылық қызметінде жүргендерге де, ғылыми жұмыспен айналысатын ізденушілерге де, қарапайым қатардағы еңбек адамына да үлкен ой салып, олардың болашағына деген сенімін бекіте түсетін досы болары сөзсіз.
Қазақстан – байтақ ел. Оның қай жері де құтты, қасиетті, киелі. Дегенмен халқымыздың тағдыр-талайына қатысты екі жер ерекше айтылады. Бірі Түркістан болса, екіншісі – Сыр елі. Мағжан ақын: «Түркістан ер Түріктің бесігі ғой, Түркістан екі дүние есігі ғой» десе, халық «Сыр – Алаштың анасы» деген. Сыр жерінде дүниеге келген М.Айтбайұлының өресі биік, өнерлі ел перзентіне лайықты із қалдырсам деген ниетіне қуандым...» деп жүрекжарды пейілін жеткізеді.
Жалпы рухани қазына оқырмандар мен жастарымызды жақсылыққа, еңбекке, білімге үндейді, өнегелі істерге, адамгершілік болмыс пен кісілік келбетті қастерлеуге насихаттайды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
22 ақпан 2026 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 478
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728