» » ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ЭКОЛОГИЯНЫ ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевпен, Сенат депутаттары, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесті. Онда қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту мәселелері талқыланды.

«Қызылордада қорытындыланған Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы «Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет» деп атап өткен болатын. Солтүстік Аралды сақтап қалу мақсатында жылдар бойы «Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде бұл жоба Кіші Арал теңізін сақтап қана қоймай, өңірдің экологиялық және экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

2022 жылдың қазан айында Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 18 млрд. 500 млн. текше метрге дейін азайған болса, Президентіміздің қолдауымен бүгінде 22 млрд. 900 млн. текше метрге жетті. Қазір Көкарал бөгетін биіктету қолға алынуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Дүниежүзілік Банктің қайтарымсыз қаражаты есебінен жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жұмысты биыл бастау жоспарланған. Жоба бойынша Көкарал бөгеті 42 метрден 44 метрге биіктетілгенде, теңіздегі су көлемі 27 млрд. текше метрден 34 млрд. текше метрге ұлғаяды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Кездесуде Әли Әбдікәрімұлы, Парламент Сенатының депутаты Жанболат Әкебайұлы өз пікірлерін білдірді.

Мұнан бөлек, Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевпен, Сенат депутаттары, Экология және табиғи ресурстар вице-министрімен, Аэроғарыш комитетінің төрағасы Байқоңыр қаласында болып, тұрғындармен кездесулер өткізіп, қаланың тыныс-тіршілігімен танысты.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 ақпан 2026 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930