» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Қасиетті Рамазан айын лайықты қарсы алу мақсатында Қармақшы ауданына қарасты барлық мешіттерде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығы қамтамасыз етіліп, аула аумақтары ретке келтірілді. Сонымен қатар, Рамазан айына арналған құттықтау баннерлері ілініп, көрнекі ақпараттық тақтайшалар жаңартылды.

Дайындық барысында мешіттердің жарықтандыру жүйесі мен дыбыс құралдары тексеріліп, азан мен уағыз-насихаттың жамағатқа анық әрі сапалы жетуі қамтамасыз етілді. Сондай-ақ тарауық намазын жүргізетін қарилардың дайындығы пысықталып, құлшылық жасауға қолайлы жағдайлар қарастырылды.

Бұл жұмыстардың барлығы жамағаттың қасиетті айды жоғары деңгейде қарсы алып, құлшылықтарын тыныш әрі қолайлы жағдайда орындауына бағытталған.

Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінің баспасөз қызметі

16 ақпан 2026 ж. 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930