» » ҰЛТТЫҚ МҰРА - ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ҰЛТТЫҚ МҰРА - ҰРПАҚҚА АМАНАТ


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалына қарасты "Ақай" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен
"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында ұлттық қолөнер көрмесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттау, оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және ата-бабадан қалған асыл өнерді жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Көрмеге мектеп оқушылары мен ұстаздар белсенді қатысып, өз қолдарынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Атап айтқанда, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген бұйымдар, кесте тігілген көрпешелер, тоқыма заттар, киізден жасалған бұйымдар, ағаш және зергерлік қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір жұмыс ұлттық нақышымен, шеберлігімен және мазмұндылығымен ерекшеленді.

Шара барысында ұлттық өнердің маңызы, оның тәрбиелік мәні туралы тағылымды ойлар айтылып, жас шеберлердің еңбегі жоғары бағаланды. Көрме қонақтары мен ата-аналар оқушылардың шығармашылығына ризашылықтарын білдіріп, мұндай бастамалардың дәстүрлі түрде жалғасуына тілектестік танытты.

Аталған көрме ұлттық өнерді дәріптеуге, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, шығармашылыққа баулуға бағытталған тағылымды іс-шара болды.

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясындағы бұл бастама рухани құндылықтарды жаңғыртуға және ұлттық болмысты сақтауға өз үлесін қосуда.
12 ақпан 2026 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930